Билет иесі - оралдық жеке кәсіпкер Ғайса Жұмалиев. Ғайса ЭКСПО аясында өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысының мәдени күндерінің концертіне билет сатып алған.
Екі миллионыншы қонақты құттықтау үшін ЭКСПО-2017 медиа-орталығына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов арнайы келіп, құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.